Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғ. Қалиев: бюджет қаржысы 100 пайызға игерілді

Ғ. Қалиев: бюджет қаржысы 100 пайызға игерілді

Жыл басынан бері облыстық бақылау жөніндегі басқармасына жеке және заңды тұлғалардан 367 өтініш түскен. Ол өтініштердің 313-і заңнама талаптарына сәйкес жауап берілсе, 42-сі қарау реттілігімен басқа органға жолданған. Ал, 12 іс қазіргі таңда қаралу сатысында тұр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев айтты.

- Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша 20 жоспардан тыс тексеру жүргізілсе, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 11 нұсқама берілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 195 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оның 103-і басқармамен қаралса, 92 іс сотқа жолданды. Бұдан бөлек, мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 1 999 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 1 123-і тізілімге енгізілсе, 876 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды. Сол сияқты, 70 акредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан “E-Qurylys” электронды жүйесіне 2 620 айлық есептері түсіп, оның 1 758-і қабылданса, 912-і ескертпемен қабылданды. Есепті мерзімде басқармамен көрсетілген 5 түрлі электронды мемлекеттік жүйесі “Е-лицензиялау” порталы арқылы 1 420 өтініш түсіп, оның ішінде 921 өтініш бойынша лицензиялау мен аттестаттар берілді. Алдағы уақытта да басқармаға жүктелген міндеттерді атқару бағытында жұмыстар жалғасатын болады,- деді Ғанижан Піртазаұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
30 қазан 2024 ж. 76 0