СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

Сонымен бірге мамандар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алып, облыстан келген өкілдер тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.
Аппарат басшысы Н. Бохаев әрбір келіп түскен өтінішке мұқият болып, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмауға нақты шаралар қабылдануы қажеттігін айтты. Сондай-ақ жылдың қорытындысымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес жұмыс жүргізу кезінде жауапты мамандардың, бірінші басшылардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау деңгейіне тиісті баға берілетіндігін атап өтті.