Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық тамақтандыру орындарына жүргізілген тексерулер туралы

Қоғамдық тамақтандыру орындарына жүргізілген тексерулер туралы

Арал  ауданы  бойынша  барлығы  55  қоғамдық  тамақтандыру орындары  бар,олардың ішінде эпидемиялық маңыздылығы  жоғары 29нысан, эпидемиялық маңыздылығы  болмашы 24нысан.Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26-желтоқсандағы №229 жарлығында «Орталық мемлекеттік жергілікті атқарушы органдар  2020 жылғы 1-қаңтардан бастап, 2023 жылғы  1-қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтату қажеттілігі туралы айтылған.
Соныман қатар  осы 229 жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің  2022 жылғы  7 желтоқсандағы  №44 жарлығына сәйкес мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін 1 жылға ұзартылды. Осыған орай, аудан көлеміндегі  қоғамдық  тамақтандыру  орындары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 жыл бойы жоспарлы тексеруге алынып отырған жоқ, дегенмен де,заңды  және  жеке  тұлғалардан арыз-шағымдар  түскен жағдайда  түскен арыз-шағымдар заңдылыққа сәйкес толықтай қаралады, арыз-шағым түскен кәсіпкерлік  нысандары  жоспардан  тыс тексерумен  қамтылып, анықталған кемшіліктер бойынша  жауапты  тұлғаларға  шаралар  көріледі. 2023 жылдың  наурыз  айында қала ішінде орналасқан 1  қоғамдық  тамақтану  орнына  байланысты  «Е» өтініш  жүйесі  арқылы жеке  тұлғадан  арыз-шағым  түсіп,  арыз-шағымға байланысты басқарма мамандарымен нысан жоспардан  тыс тексерумен қамтылып, тексеру  барысында анықталған  заңбұзушылықтар бойынша  қоғамдық  тамақтану  орнының жеке кәсіпкеріне 230 АЕК көлемінде 793 мың 500 теңге 50 пайызбен 396 мың 750 теңге айыппұл  салынып, өндірілді.
Ағымдағы  жылы  жеке және  заңды  тұлғалардан арыз-шағым  түскен  жоқ.«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 20-бабының 1-тармағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган эпидемиялық  маңыздылығы  жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беретіндігі  және осы Кодекстің 82-бабының 2-тармағына сәйкес  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның -Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының берген актілерін аудан аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындау  үшін міндеттілігі  көрсетілген. Сонымен қатар, аталған Кодекстің 24-бабына сәйкес (Денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар) эпидемиялық маңыздылығы  болмашы объектілер қызметтерінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына  хабарлама беруі тиіс, бұл жөнінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан  Республикасының  2014 жылғы  16 мамырдағы  №202-V ҚРЗ-ның  17 бабының  1 тармағында   «Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруды бастау және  кейіннен жүзеге асыру үшін  жарамды  рұқсатының  болуы  немесе  осы заңда белгіленген  тәртіппен  хабарламалар қабылдауды   жүзеге асыратын   мемлекеттік   органдарға  хабарлама жіберуге міндетті» делінген. Қазіргі таңда аудан бойынша эпидемиялық  маңыздылығы жоғары  29  қоғамдық тамақтану орынының 16-сы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алған, қалған  13-і  қорытынды  алмаған, бұл нысандарға бармай  профилактикалық  бақылау  жүргізілуде. Эпидемиялық маңыздылығы  болмашы  24 нысанның  23-і қызметтерінің басталғаны туралы  Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына хабарламаларын  берген, 1  нысан бермеген. Осы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алмаған және  қызметтерінің басталғаны туралы хабарлама  түсірмеген  нысандарға  басқарма тарапынан қорытындылар  алу  және хабарламалар  түсіру  қажеттілігі  жөнінде нысандарға қатынас хаттар  таратылып, мамандар тарапынан түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді.
Сонымен  қатар басқарма тарапынан қоғамдық  тамақтандыру  орындарында топтасқан  тағамнан  уланудың, ботулизмнің  алдын -алу іс-шаралары  жүргізіліп,  қоғамдық  тамақтандыру  орындарының  қызметкерлеріне өнімдердің  сапа  құжаттарының  болуын, жарамдылық   мерзімдерінің  болуын, дайын  өнімдер мен  шикі  өнімдердің  сақталу  ережелерін,  қызметкерлердің  міндетті  медициналық  бақылаудан  өтуін, медициналық  кітапшалардың  жұмыс орнында  сақталуын,  күнделікті  жуу –залалсыздандыру  ережесінің  сақталуын, кеміргіштердің  болмауын, тұтыну  қалдықтарының, ас қалдықтарының күнделікті  шығарылуын, тығыз  жабылатын  қақпақтарының  болуын  қатаң қадағалау  қажеттілігі  туралы айтып  түсіндірілді. Бұл  жұмыстар  алдағы уақытта да жалғасын табады.
А.Сатекеева,
Басқарма басшысы

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz                                     
28 қазан 2024 ж. 178 0