ҚҰРМЕТТІ АТАҚ БЕРІЛДІ
Арал жұрты үшін жағымды жаңалық орын алды. Теңіз іргесіндегі Қаратерең ауылында тумасы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаровқа Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Ол – мемлекеттік қызметте жүргеніне қарамастан, шығармашылықтан қол үзбей, журналистік жұмыстары мен ғылыми зерттеулерін үзбей жалғастырып келе жатқан қаламгер.
Тырнақалды туындылары "Толқында" жарық көрген жерлесіміздің қаламынан туған құнды дүниелер әлі күнге дейін басылым берінде жарияланып келеді. Бауыржан Жұмаханұлын жаңа жетістігімен құттықтаймыз!
«Толқын» газетінің ұжымы