"Арал ауданының құрметті азаматы" атағы табысталды
Аудандық мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Арал ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.
Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен Арал ауданының «Құрметті азаматы» атағы «Atameken Holding» қаржы - өнеркәсіптік тобы директорлар кеңесінің төрағасы, белгілі кәсіпкер, меценат - Айтжанов Ұзақбай Рүстемұлына, ҚР Журналистер Одағы сыйлығының дипломанты, Қазақ журналистикасының қайраткері, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі – Әбілов Еркін Аққалиұлына және белгілі фольклортанушы ғалым, эпик жыршы, Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент - Жүсіпов Берік Мырзалыұлына берілді.
Сонымен бірге полиция органдарының ардагері, подполковник Жәрімбетов Әйтеке Әбибуллаұлы және Қазақстан суретшілер Одағы мен Қазақстан қолөнер шеберлерінің мүшесі Күлмамбетов Құдайберген Тағжанұлы ауданның құрметті азаматы атанды.
Бұдан бөлек, «Арал ауданының Құрметті азаматы» атағы Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына, Қазақстанға белгілі кәсіпкер, меценат, мемлекет және қоғам қайраткері, «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері Өтемұратов Болат Жамитұлына, «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлына, ақын, айтыскер, режиссер-сценарист Нұрмаханов Оңталап Дүйсенәліұлына және Желтоқсан оқиғасына қатысып, елжандылық көрсеткен Бекбосынов Асқарабай Абайұлына берілді.
"Толқын" ақпарат