Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржолшы – «Ауданның құрметті азаматы»

Теміржолшы – «Ауданның құрметті азаматы»

Қай салада болмасын өзінің үздіктері, еңбегі сіңген озат майталмандары болады. Бұл тұрғыда еліміздегі темір жол саласы да көптеген тәжірибелі мамандарды еңбек майданында шыңдап, білікті кадр жасақтады. Міне, сондай жандардың бірі де бірегейі – Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы», Сексеуіл локомотив пайдалану депосын ұзық жыл басқарып, зейнеткерлікке шыққан Бөрі Санкубаев.
Халқымыз «Бейнет түбі – зейнет» деп бекер айтпаған. Міне, есімі аталған азамат Арал аудандық мәслихаттың 2,3,4-ші шақырылымының депутаты, Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы», Сексеуіл локомотив пайдалану депосының ұзақ жылдар бойы басқарған теміржол саласының зейнеткері Бөрі Суханұлы Санкубаевқа аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың 2021 жылғы бірлескен 77 шешімімен «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Марапатты сала майталманының кеудесіне облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов тақты. Мұндай құрметке Бөрі Суханұлы әбден лайық.

(Өз тілшімізден)
04 желтоқсан 2021 ж. 541 0