Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨҢІРЛЕРДЕ ҰЛЫ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ КӨШЕЛЕРІ ӨЗГЕРТІЛМЕУІ ТИІС - ДӘУРЕН АБАЕВ

ӨҢІРЛЕРДЕ ҰЛЫ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ КӨШЕЛЕРІ ӨЗГЕРТІЛМЕУІ ТИІС - ДӘУРЕН АБАЕВ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында өңірлердегі көше атауларының өзгеруі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Өңірлердің көпшілігі орталық көшелеріне ҚР Тұңғыш Президентінің атын берді. Бірақ бүгін Республикалық ономастикалық комиссиясының отырысы өтті. Онда Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Тараз қалалары бойынша өзге көшелер мен нысандарды қарау ұсынылды. Мұны жарысқа айналдырмауымыз керек. Абай, Төле би, Әбілқайыр хан және халқымыздың өзге де ұлы қайраткерлерінің көшелері мәдени-тарихи тұрғыда аса құнды. Сондықтан, комиссия осындай шешім қабылдады", - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, бұған дейін Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы қайта атау үшін ұсынылған көшелер мен өзге объектілерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынған еді.
ult.kz
21 наурыз 2019 ж. 852 0