Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫН КӨРДІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫН КӨРДІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын көрді.Аталған жоба бойынша 2,97 шақырым желі жаңғыртылуда. Бас мердігер «Механизатор-К», қосалқы мердігер «Асанас-Дар», жобалаушы КБ «МұнайГаз Инжиниринг», техникалық қадағалаушы «Актаустройэксперт серіктестіктері жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау. Аяқталмаған құрылыс» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазандықтың жұмысына биыл облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы қаралып, №2 қазандықтың оттығы, отын сақтау резурвуары, суды химиялық тазалау және автоматтандыру жүйесі жаңғыртылды. Қазір қазандықтар толығымен іске қосылған.
Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 300 орындық жатаханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылыс алаңына барды. Нысанда бас мердігер «Промстройсервис», техникалық қадағалаушы «Стройэксперт» серіктестіктері жұмыс жүргізуде.
Аймақ басшысы сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысын, бас мердігерлер «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис», «Е Абу-Сер», авторлық қадағалаушы «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды да көрді.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.
Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты.
–Жаңа, жаңғыртылған нысандардың барлығына қойылатын басты талап – сапа. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін халыққа кедергісіз, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетуі тиіс. Сосын құрылысты аяқтау мерзімін қадағалаңыздар. Қолға алынған жұмыстың нәтижесін жұртшылық көруі уақытында керек. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі тиіс, – деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
19 қараша 2024 ж. 66 0