Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат жылды қорытындылады

Сенат жылды қорытындылады

Жыл басынан бері Парламент 103 заң қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жылды қорытындылап, қабылданған біршама заңдарды атап өтті.

Осы жылы барлығымыз Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға және халықтың жағдайын жақсартуға арналған заң шығару қызметіне белсенді қатыстыңыздар. Қабылданған заңдар еліміздің саяси және орнықты әлеуметті экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталды. Сонымен қатар мемлекеттілігімізді нығайту қоғамның осал топтарын қорғау, ел экономикасын оның қауіпсіздігі мен халықаралық беделін арттыру сияқты көптеген маңызды салалар қамтыллы. Атап айтқанда отандық ғылыми жүйені жетілдіруді, сондай-ақ ғылыми техникалық және инновациялық қызметті тиімді үйлестіруді көздейтін "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң қабылданды. Президентіміздің тапсырмасымен мемлекеттік сатып алудың ашықтығын арттыруға және осы саладағы сыйбайлас жемқорлықты болдырмауға арналған "Мемлекеттік сатып алу туралы" арнайы Заң бекітілді. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері мен тиімділігін арттыруға, Адам саудасы құрбандарының мүдделерін қорғауға арналған заң да бар. Жылу энергетикасы саласындағы күрделі инфрақұрылымдық мәселерді шешуді көздейтін дербес жаңа заң күшіне енді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен "Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтетін нормалар" қабылданды. Бұл мемлекеттің әлеуметтік -әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымының айқын көрсеткіші. Сондай-ақ экономика, мемлекеттік басқару , халықты әлеуметтік қамсыздандыру және өзге де салаларға қатысты маңызды заңдармен жұмыс істедік. Өткен айда еліміздің басты қаржылық құжаты 3 жылға арналған республикалық бюджетті бекіттік,- деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сурет: ​baq.kz​​​
26 желтоқсан 2024 ж. 37 0