Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті

Елордада Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті

 Жастар жылы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті.

Конгресс мақсаты – Елбасының мемлекеттік бағдарламаларының негізгі тұжырымдамаларын іске асыру аясында түйінді проблемаларды инновациялық индустрияландыру арқылы жаңғыртып, елдің экономикалық жағдайын жақсарту; Қазақстанның инновациялық даму жолын жаңа сатыға көтеру; озық технологиялық бағыттар бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ ЖОО-ның ғылыми қызметінің жаңа әлеуетін көрсету.
Аталған шараның мақсатына жету үшін бірқатар міндет қойылған: әлемдік саяси, техникалық-экономикалық мәселелер контекстінде жаһандық сын-қатерлер мәселелерін қарастыру; жас ғалымдарды белсенді тарту арқылы ел дамуының инновациялық жолдарын кеңейту; Қазақстан ғылымының заманауи сын-қатерлерін талқылау; мемлекет отандық ғылым алдына қойған міндеттерді шешу мақсатында күш-жігерді шоғырландыру; жастар коммуникациялық алаңдарын дамыту; тәжірибе алмасудың тиімділігін, жас ғалымдардың өзекті идеяларын арттыру, сондай-ақ кәсіби ынтымақтастықты дамыту.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді шешуде даму векторларын анықтап, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін тиімді стратегия құру міндеті де бар.
Конгресте ғылым саласын одан әрі жаңғырту, ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерцияландыру, зертханаларды, зерттеу институттарын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен аты танылып үлгерген белгілі ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.
ЕҰУ жас ғалымдарының еліміздің ғылыми ортасында салмақты орны бар. Білім алушы контингенттің 25%-дан астамы ғылыми-зерттеу жобаларына тартылған.
Бүгінгі таңда ЕҰУ жас ғалымдары өз жетекшілерімен бірге отандық ғылым үшін өмір туралы ғылым, энергетика, шикізат пен өнімді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, елдің зияткерлік әлеуеті сынды 5 басым бағыт бойынша ғылыми жобаларға қатысады.
Мұнда студенттік ғылыми қоғам, инновациялық кәсіпкерлікті қолдайтын "Startup-жобалар" аймағы, бизнес-жобалар дайындау мен консалтингтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, шағын инновациялық кәсіпорындар мен стартаптар құрылуда.
Сондай-ақ, ЕҰУ рейтинг бойынша бірнеше жыл қатарынан алдыңғы орында: QS World University Rankings және Times Higher Education World University Ranking-да дәйексөз бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында І орын; Халықаралық ғылыми метрикалық деректер базасына (Thomson Reuters, Web of Science, Scopus, Sci Dire) кіретін импакт - факторлы журналдардағы ғылыми жарияланымдардың саны бойынша І орын; «2011-2015, 2017-1018 жылдардағы Қазақстанның ең дәйексөзді ғылыми ұйымдары» номинациясында (Web of Science) жас ғалымдардың еңбегі зор.
Бұдан басқа, университет ғалымдары ғылыми журналдардың нәтижелілігіне үлкен үлес қосады. Атап айтқанда: «Scopus» халықаралық библиометриялық деректер базасында: «Eurasian Mathematical Journal», «Eurasian Journal of Mathematical and Computer Applications», «Еуразия физика және функционалдық материалдар журналы».
Ең танымал қазақстандық ғалымдар да осында жұмыс істейді, ал олардың 30%-ын жас ғалымдар құрайды.
https://baq.kz
23 мамыр 2019 ж. 813 0