Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736246991_20.jpg)
Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 203 060 теңгеден 216 260 теңгеге көбейтіледі.
«Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдері де өсті. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері бұған дейін 140296 теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 149416 теңгеге өсетін болады. Ал төрт және одан да көп бала туылғанда 232596 теңгеден 247716 теңгеге артады. Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші балаға 22649 теңге, екінші балаға – 26777 теңге, үшінші балаға – 30867 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 34995 теңгені құрайды», – деді Салтанат Жолдыбайқызы.