Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа қызметке тағайындалды

«Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедті сайлауды ұсынамын. Ол танымал мемлекет және қоғам қайраткері болып табылады. «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орыньбасары, сонымен қатар басқа да жауапты қызметтерде болған. Ол тәжірибелі, білікті депутат. Менің ұсынысымды барлығыңыз қолдайсыздар деп ойлаймын», — дейді Сенат спикері Дариға Назарбаева.
Сенаторлар Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.