Жұмысшы мамандығының беделі артады
![](/uploads/posts/2025-01/1736413806_15.jpg)
«Ауыл шаруашылығы саласында істегеннен кейін біз маманның жетіспейтінін білеміз. Қазір көбі зейнет жасына келген немесе зейнет жасынан асқан адамдар да жұмыс істеп жатыр. Ауылға керек мамандықтар – су маманы, көлік жүргізушісі және аспаз. Осы мамандықтарды көптеп оқытса дейміз. Көлік жүргізушілері мен механизаторлар жұмыс істегеніне қарай табыс табады ғой. Мысалы, маусымның кезінде олардың алды 350 000 теңгеге дейін алады», – дейді «Жаңажол» ЖШС директоры Орынбасар Төлепов.