Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доңыз жылында бізді не күтіп тұр?

Доңыз жылында бізді не күтіп тұр?

Жабайы шошқа, қабан, доңыз сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынан жел­тоқ­санға дейін созылады. Аналығы (меге­жіні) 4 10 торай туады. Тістері көп, бұдыр­лы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармай­ды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қа­зып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандар­мен қоректенеді. Доңыз кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді
Қабан Солүстік Африка мен Еуразияда таралған, ТМД аймағында, Балтық жаға­лауы­нан Қиыр Шығысқа дейін кездеседі. Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқа­ларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Күйлеу кезінде, жекелей тіршілік етеді. Орташа 4-6 торай табады. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар.
Доңыз Жылы ит жылынан кейін, тышқан жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 12-жылы. Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, Әзірбайжан, моңғол, т.б. Орт. Азия халық­тарының күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір рет қайталанып отырады. (Википедия
Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы 2019 жылдың әр айына болжам жасап, қазақстандықтарды қандай қуанышты жаңалықтар мен өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді. Келер жылдың басты саны 3. Ал бұл сан әдеміліктің символы. Яғни жаңа жыл құрылыс, дизайн саласында жүргендер үшін барынша табысты болмақ. Нумеролог өзге сала мамандары үшін де тосынсыйлардың көп екенін айтады.
«2019 жылы қазақстандықтардың баспанаға қатысты қиындықтары шешіледі. Шағын бизнесін ашып, белгілі бір кәсіпті қолға алғандардың тасы өрге домалайды. Ең бастысы, Қазақстан отандық дизайнерлердің бірегей әрі әдемі киім үлгілерінің арқасында шетелге танылады», деді нумеролог.
Бұдан өзге Құралай Бақытқызы жаңа жылда қазақстандықтарды қазба байлық­тарына қатысты қуанышты жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты. Тіпті, ол алтын адаммен пара-пар байлық болуы мүмкін. Мұнымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңта­рында дүниеге келген сәбилердің өскенде әскери адам болатынын айтты.
ҚАҢТАР  еңбек айы. Көбінесе қазақстандықтар қаңтар айында демалады. Керісінше көбірек жұмыс істеп, жаңа жоспар құрып, бизнес ашып жатса, адамдар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын ретке келтіріп алатын еді. Қаңтарда ауа райы өте суық болады. Сол себепті адам­дардың тыныс алу жолдарына күтім жасап, моншаға бармай қоя тұрған жөн. Сондай-ақ, осы кезде тыныс алу жолдарымен байланысты созыл­малы аурулар қабынуы мүмкін.
АҚПАН  әділет айы. Бұл айда жабулы қазанның беті ашылады десек те болады. Яғни адамдардың ара-қатынасында өтірік болған болса, оның барлығы жария етіледі. Сондай-ақ, басшылар сын естіп, үкіметте, әскери құрылымда және салық саласында ауқымды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер негізінен басшылардың ауысуымен байланысты.
НАУРЫЗ  әдемілік айы. Аталған айдың энергетикасы өте мықты. Сондықтан болар бұл айда дүниеге келгендер болашақта жақсы құрылысшы, дизайнер, қаржыгер, аспаз болады. Мұны ескеріп осы кезде балаларды аспаздық курстарына беріп, сурет салуға баулу артық болмайды. Өкінішке қарай, бұл айда адамдар жалқаулыққа бой алдырады.
СӘУІР  тіл үйреніп, спортпен шұғылданатын ай. Әрине, бұл екеуін де жыл он екі жасауға болады. Десе де, сәуір айында нәтиже аса табысты болатынын ұмытпаңыз. Атақты спортшылар­дың көбісі осы айда дүниеге келген. Ең бастысы, ауыр жарақат алып қалмауға тырысу қажет. Мұнымен қатар, осы айда шоу-бизнесте өзгеріс болып, жур­налистердің жұмысы жақсара түседі.
МАМЫР  шығармашылық айы. Нумерологияда бұл айды көбінесе радио және кино саласымен байланыстырады. Бұл айда дүниеге келгендердің музыкалық есту қабілеті жоғары келеді: пианинода ойнап, кино түсіреді. Мұнымен қатар, медицина саласында үлкен өзгерістер болуы мүмкін.
МАУСЫМ  прогресс айы. Инновациялық жобалар мен ақпараттық жүйелер дами түседі. Осы жүйелерге және спортқа қатысты көптеген бағдарлама қолға алынады және олардың барлығы дерлік табысты болады.
ШІЛДЕ  балалар айы. Жасөспірімдер мен бүлдіршіндерге арнап ұйымдастырылған байқаулар Қазақстан үшін жеңіс әкелмек. Бұл айда дүниеге келгендер жақсы саясатшы, актер болады. Мүмкіндігінше осы айда денеге зақым келтіріп алудан сақтану қажет.
ТАМЫЗ  сауда айы. Көптен бері сата алмай жүрген үйіңізді осы айда өткізе аласыз. Сондай-ақ, бұл уақытта баспаналы болуды жоспарлап жүргендердің арманы орындалады.
ҚЫРКҮЙЕК  денсаулықты қалыпқа келтіру айы. Күрделі ота жасатып, тісіңізді емдетуді жос­парлап жүрген болсаңыз, мұндай шараларды осы айға қалдырған дұрыс. Өйткені бұл айда дәрі­герлердің түйсігі өте жақсы жұмыс істейді. Мұнымен қатар, курстарға жазылып, білім алу үшін таптырмас ай болмақ.
ҚАЗАН  қорғаныс айы. Елде қорғаныс министрлігінде белгілі бір өзгерістер болуы мүмкін. Мысалы, министрлер ауысады дегендей. Сондай-ақ, ІІМ құрылымында да өзгеріс болуы ғажап емес. Әдетте бұл уақытта дүниеге келген балалар өскенде әскери қызметке барады.
ҚАРАША  мәдениет айы. Бұл кезде мүмкіндігінше концерт, музей және кинотеатрға көбірек барған дұрыс. Мүгедектер мен қарттар үйіне көмектесу, әлеуметтік жобаларды қолға алу артық болмайды.
ЖЕЛТОҚСАН  армандар орындалатын ай. Аталған айда туризм, логистика және энергетика саласына жақын болатын адамдар дүниеге келеді. Жаңа жыл қарсаңында құрған жоспарларыңыз бен армандарыңыз міндетті түрде орындалады. Сол себепті барынша қиялға ерік беріп, кейін нақты жоспар құра білген жөн.
qaa.kz
28 наурыз 2019 ж. 886 0