Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ МҰРАЖАЙДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

АУДАНДЫҚ МҰРАЖАЙДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы» атты ашық есік күні өткізілді.
Еліміздің бас қаласы атауының өзгеруіне орай ұйымдастырылған көрмеде Елбасы өмірінің әртүрлі сәттерін бейнелейтін және Аралға келген сапарындағы фотосуреттер келушілердің назарына ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекетіміздің тарихи өміріндегі рөлін кеңінен көрсетуді мақсат еткен көрмеде Елбасының қолжазбалары мен кітаптары қойылды. Сондай-ақ, көрме барысында ұлт көшбасшысы туралы жазылған белгілі қоғам қайраткерлері мен шетелдік саясаткерлердің ой-пікірлері мен деректер таныстырылды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
28 наурыз 2019 ж. 1 238 0