Өртеген қоқысты қараусыз қалдыру – үлкен апатқа әкеп соғады!

Ашық алаңдардағы қоқысты бақылаусыз жағу үлкен апатқа әкеп соғады. Ауланы тазарту үшін, ауладағы қоқысты жағып, оны бақылаусыз калдыру салдарынан сіз айналаңыздағы қаншама затқа орасан зиян әкелетініңізді түсінгеніңіз абзал. Өрт салдарынан адам өміріне де қауіп әкелетініңізді ескеріңіз. Ауладағы көктемгі тазалау жұмыстарын атқарған кезде және табиғат аясында демалғанда ашық отты пайдалану кезінде аса сақ болыңыздар.
Егер, аталған жағдай орын алған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 336-бабына сәйкес (Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш (2019 жылғы айлық есептiк көрсеткiш – 2525 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) азаматтар мен лауазымды тұлғалар айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Арал ауданының ТЖБ