Қазақ азаматынан қызды болған конголық әйелдің өтірігі әшкере болды

Айта кетейік, конголық ару Қазақстан шекарасына 2017 жылдың 27 желтоқсанында келген. "Желтоқсанның 27-не Моника Қазақстанға келген. Мөртаңба тұр. Блессинг 17 тамызда өмірге келді. Егер оны 9 ай көтерген болсаңыз, сіз оны қараша айында көтергенсіз. Демек, Қазақстанға сіз жүкті болып кірдіңіз. Деректер мен дәйектер осы. Мен ештеңені ойдан шығарып отырған жоқпын. Тек осыны мойындаңыз.
Сіздің ауыр жағдайыңызды түсінеміз. Біз сізге шын мәнінде көмек көрсетеміз. Егер жалған айтсаңыз, сізге көмектесу мүмкін болмайды", - деді бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген. Алайда Моника Камукенж сәбиін Конго елінен аяғы ауыр болып келгенін мойындамады.
"Мен баланың анасымын ғой. Мен ондай мәселелермен кездейсоқ келген жоқпын. Баланы қашан туғанымды білемін. Конго елінде аяғым ауыр болмады", - деді конголық ару.
www.oinet.kz