Облыста әлеуметтік - экономикалық дамудың оң динамикасы қалыптасқан
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1737613081_12.jpg)
- Есепті кезеңде өңір экономикасына түскен инвестиция 2023 жылмен салыстырғанда 21,7 % артық. Құрылыс жұмыстарының да тірлігі тиянақты. Өткен жылы қарқынды жұмыстар жүргізді. Аймақта бюджет қаржысы есебінен 42 әлеуметтік нысан салынды. Оның ішінде жаңа заманауи қан орталығы, 1000 орындық өнер орталығы жобалары бар. 2024 жыл “Руханият жылы” болып жарияланған соң, барлық аудандарда “Руханият орталықтары” бой көтерді. 866,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсімнің оң динамикасы қалыптасты десек болады. Облыс экономикасының даму қарқынын сақтап қалу бойынша жұмыстар әлі де жалғасатын болады,- деді Дастан Бақытұлы.
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1737613046_10.jpg)
Фото: Нұрболат Нұржаубай/Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі