Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әбдіжаппар Әлқожа қазақтың баласы екенін айтып, жұрттан кешірім сұрады (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа қазақтың баласы екенін айтып, жұрттан кешірім сұрады (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа "31" арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында қожалар жайлы ел арасында айтыла бермейтін жайттарды атап берген еді.

Оның "Қалғанының бәрі қожадан шыққан. Арыстан баб пен шәкірті Қожа Ахмет Иассауи де қожадан шыққан. Ишандар бір құран мен сүрені айтқанда, жынын суырып алатын болған. Ондайлар қазір жоқ. Соның азайып кетуі. Аталарымыз үш жүзден, қазақтан алып қойды. Сөйтіп қан бұзылды. Егер қазақтан араласқан болса, олардан ишан шығу қиын", - деген сөзі қазақ халқының ашуына тиген болатын. 

Бүгін Әбдіжаппар Әлқожа өзінің Инстаграм парақшасында арнайы видео жолдап, бұл жерде түсінбеушілік орын алғанын айтып, қазақтарды кемсіту мүлдем ойында болмағанын, керісінше, қазақ халқын ерекше құрметтейтінін, өзі де қазақтың баласы екенін айтып, жұрттан кешірім сұрады. 

oinet.kz
30 наурыз 2019 ж. 1 835 0