Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 20,4 пайызды құрады

- 2024 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Ірі жобаның бірі - Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы. Әуежайды әрі қарай дамыту мақсатында вьетнамдық «Sovico Group» компаниясымен Қорқыт Ата әуежайын сенімгерлік басқаруға беру үшін келіссөздер жүргізілуде. Мемлекет басшысының аэрохабтарды дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес әуежай жанынан арнайы экономикалық аймақ құру бойынша тиісті министрліктермен жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатта әуежай маңынан 550 га жер белгіленді. Ірі жобамыздың бірі - қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы. Атап өту қажет, облыстың энергияға қажеттілігі күніне 212 МВт-ты құраса, аймағымызда жалпы қуаты 89,1 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс жасауда. Аталған 5 жоба іске қосылғанда өңіріміз толықтай жасыл энергетикаға көшетін болады. Өңірдің инвестициялық жобаларын қаржылық қолдауда «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» бірлесіп белсенді жұмыс жүргізілуде. Қор арқылы 7 жоба қарастырылуда. Үкіметтің қолдауымен былтыр құрылысы басталған азық-түлік өнеркәсібіне бағытталған әр қайсысы 2000 шаршы метр екі шағын өнеркәсіптік аймақ биыл іске қосылады,- деді Дәурен Тұрғанбайұлы.