Жаңа стадион мамыр айында іске қосылады

- 2024 жылдың қорытындысымен өңірдегі халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 1 494-ті құрап, 46,2%-ға жетті. Сондай-ақ былтыр аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауынан құны 11 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланды. Қазіргі таңда стадионның құрылысы қарқынды жүруде. Осы жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылы «Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлесе отырып, заманауи үлгідегі «Үстел теннисі» орталығы ашылды. Мұның барлығын өңір спортына көрсетіліп жатырған қамқорлық деп түсінеміз,- деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі