2025 жылы Шиеліде 9 инвестициялық жоба жұмысын бастайды

Атап айтқанда: «Тесис» ЖШС. Қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы. Жоба іске қосылғанда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «VIGOR Holding» ЖШС. Қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы. «Uranus Wind» ЖШС. Қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы жобасы. «Altyn Dala Energy ltd.» Жеке компаниясы. Қуаттылығы 60 МВт күн электр станциясы. Жоба 2026 жылы іске қосылады және 18 адам жұмыспен қамтылады. «Табиғи тас Қызылорда» ЖШС-нің «Қиыршық тас өндіру заводы » жобасы. «Дом Инвест» ЖШС-ның «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының бойынан газ заправкасы мен сервистік қызмет көрсету кешені жобасы. «Ақмая» шаруа қожалығының «Күріш ақтау зауыты» жобасы. Таң ЛТД» ЖШС-ның «Жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу » жобасы. «Transshipment 1» ЖШС-ның Cұйық реагенттер қоймасы. Аталған жобалар ел игілігіне беріліп, жақында өз жұмыстарын бастайды,- деді Айтбай Насраддинұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі