Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі бекітілді

Күн тәртібі бекітілді

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтіп, депутаттар 20 ақпандағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде өтетін Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Түр­кия Республикасының Үкі­меті арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласын­дағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификация­лау туралы» заңды қарайды. Заң­ның мақсаты – фитосанитар­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болғызбау үшін өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.

Келісімнің күші фито­санитарлық шаралар тұр­ғысынан, әсіресе халық­ара­лық тасымалдау жағ­дай­ларында зянкестер үшін жасырыну орны бола алатын немесе олардың таралуын жеңілдететін кез келген өсімдікті, өсімдік өнімін, жинау орнын, қаптаманы, тасы­малдауды, контейнерді, топы­рақты және кез келген басқа организмді, объектіні немесе материалды қоса алғанда, карантинге жатқызылған барлық материалға қолданылады.

Сонымен қатар бюрода депутаттар Сенаттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады және бұған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды жұмыс үшін палата комитеттеріне бөліп берді.

Ақпарат  көзі: egemen.kz
Фото: egemen.kz
18 ақпан 2025 ж. 70 0