Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі бекітілді

Күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Онда депутаттар 24 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітіп, Палатаның алдағы жұмыс жоспарын пысықтады.

Күн тәртібіне сәйкес алдағы бейсенбіде Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралады.

Келісім Арал бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсар­туды көздейтін бірлескен іс-шаралар әзірлеуге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту­ға және екі елдің қарым-қаты­насын одан әрі арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ Бюро отырысында палата депутаттарының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшылығымен болатын алдағы кездесуіне қа­тыс­ты мәс­елелер талқылан­ды. Атал­ған іс-шарада мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік субъектілерінің басым жобалары жөнінде сөз қозғалмақ.

М.Әшімбаев атап өткен­­дей, Мемлекет басшысы Қазақ­станның кәсіпкерлік белсен­ділігін арттыруға үнемі ерекше мән беріп келеді. Осы рет­те Президент көтерген мәселе­лер­ді жан-жақты зерттеп, тал­қы­лап, оларды шешу жо­лын­да бірлесіп әрекет еткен жөн.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.

Ақпарат көзі: egemen.kz
22 қазан 2024 ж. 92 0