Қызылорда облысында 1,8 трлн. теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

- 2025-2029 жылдары аймақта құны 1,8 трлн. теңге болатын 66 инвестициялық жобалар іске асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Қазақстан-Германия, Қазақстан-Корея форумдары аясында қол қойылған меморандумдарға сәйкес биылғы жылы «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелкелерін шығаратын және кореялық «Уиз-Ю» компаниясымен тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылыстары басталады. «Қызылорда Саз-М» серіктестігі жылына 90 млн. дана заманауи кірпіш шығаратын зауыттың құрылысын биыл аяқтап, пайдалануға беретін болады,- деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі