Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕДИЦИНА САЛАСЫ ЖАҢАРЫП, ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ЖАҢАРЫП, ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА

Арал ауданында 2024 жылы ауданға 25 санитарлық автокөлік беріліп, шалғайдағы Жіңішкеқұм, Құланды, Жаңақұрылыс, Ақбасты, Қарашалаң елді мекендеріндегі медициналық бекеттер қажетті көлікпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев хабарлады.
- Медициналық қызмет түрлерін кеңейту мақсатында аудандық аурухана негізінде 54 төсектік «Кардиология» және «Инсульт» бөлімшелері ашылып, жұмыс істеуде. Арал аудандандық көпбейінді орталық ауруханасы ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен жабдықталды. 2025 жылы орталық  аурухана  жанынан 17 төсектік нейро-инсульт, 35 төсектік кардиология бөлімшелеріне арналған жапсаржай салу жұмысы жүргізіледі. Оны МРТ және ангиограф қондырғыларымен жабдықтау жоспарлануда,-деді Аманжол Сақыпұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
22 ақпан 2025 ж. 58 0