Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдың ақ халаттыларына халық дән риза

Аралдың ақ халаттыларына халық дән риза

Саламыздың жыл басынан бергi атқарылған жұмыстары мен жетiстiктерiн жариялауды Арал ауданымен жалғастырамыз ⤵️
⚜️ 2024 жылдың 8 айында Арал аудандық емханасында барлығы - 334407 дәрігерлік қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 47,1 пайызы ауруына байланысты, 52,9% алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны – 38970 құрап, былтырғы жылдан 9445 қызметке төмендеп отыр.
⚜️ Скринингтік тексерулерге тұрғындар арасынан – 10231 халық жоспарланып, 79,8 % тексерулермен қамтылған.
⚜️ 2024 жылдың 8 айында ауданда барлық босану саны – 1147. Демографиялық көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 1147 /15,8% көрсеткішті құраған.
⚜️ 2024 жылдың басынан ауруханаға – 7162 науқас түскен. 2024 жылдың 8 айында төсек күн жоспарының орындалуы – 95,0%, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,0%-ға төмендеп отыр.
⚜️ Ағымдағы жылы ауруханада жалпы 363 хирургиялық, 106 лапароскопиялық ота жасалса, оның ішінде жаңадан 9 ота түрi енгізілген.
⚜️ Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту және медициналық тексерулер қолжетімді болу үшін профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын нысаналы топтарға қызмет түрін жақсарту мақсатында «КАМАЗ» маркалы жылжымалы медициналық кешенімен ауданда 37200 халық жоспарланып, оның 16273 (43,7%) медициналық тексерулерден өтті.
⚜️ "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жоба аясында Бөген және Қызылжар дәрігерлік амбулаториялары, Көктем медициналық бекет салынса, биылғы жылы Тоқабай дәрігерлік амбулаториясы салынуда. Жыл соңына дейін ел игілігіне табысталады.
⚜️ 40 төсектік Сексеуіл ауылдық ауруханасының құрылысы қайта жаңғыртылып, биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
⚜️ "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясындағы Арал ауданаралық ауруханасы көпбейінді аудандық аурухана болып өзгертілді. Медициналық қызмет түрдерін кеңейту мақсатында кардиология және инсульттің бөлімшесі ашылды. Республикалық бюджеттен МРТ және ангиограф аппараттарымен 2025 жылы қамтамасыз етілетiн болады.
⚜️ Биылғы жылы Ұлттық жоба аясында аурухана жанынан қосымша құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
⚜️ «Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-на қарасты жұқпалы аурулар бөлімшесін қайтадан салуға ұсыныс беріліп, аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты жанынан 1,0 Га қосымша жер алынып, белгіленді. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөлімшесі ғимаратын жаңадан салуға жоба сметалық құжатамасы мемлекеттік сараптамадан шықты, жоба құны 2,3 млрд теңге.
⚜️ «Абай» ауылдық емханасының жаңа, заманауи, талаптарға сай ғимарат салынуы сұратылып, 250 келушіге арналған емхана құрылысы үшін жалпы алаңы 22146 шаршы метр жер учаскесі алынып отыр. Қажетті қаражат көлемін нақтылау мақсатында Қызылорда облыстық құрылыс басқармасымен жоба сметалық құжатамасын әзірлеуге конкурс жарияланып, мердігері анықталып, жұмыстары жүргізілуде.
⚜️ «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасының жанынан «Қамқорлық» қоры арқылы Арал ауданы және Қазалы аудандарында диспансерлік есепте тұратын 2-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді науқастарынан ерте оңалту мақсатында реабилитация орталығын ашу жоспарланған. Бүгінгі күнде «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасының жанынан 1000,7 шаршы метр, екі қабатты ғимараты белгіленіп, реконструкция жұмыстары жүргізілуде.
⚜️ Арал ауданында медициналық мекеме ғимараттарының жылыту жүйесі табиғи газбен жылытуға реконструкциясы жасалып, ауыстырылуда. Ағымдағы жыл iшiнде Жақсықылыш дәрігерлік амбулаториясы, психоневрологиялық диспансер және «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасы ғимараттарының бу қазандықтары табиғи газбен жылытуға ауыстырылып берілді.
⚜️ Ағымдағы жылы аудандық ауруханаға 13 жаңа санитарлық автокөлік беріліп, жаңартылды. Жыл көлемінде аймақ басшысы қолдауымен қосымша 10 санитарлық автокөлік берілмек.
⚜️ Аудандық емханада созылмалы жүрек жетіспеушілігі кабинеті ашылып, халық игілігі жолында қызмет көрсетуде.
⚜️ 2024 жылы Арал ауданы бойынша 9 елді мекендерге (Жіңішкеқұм, Қосаман, Ақеспе, Ерімбетжаға, Ақбасты, Құланды, Көктем, Сазды, Бірлестік) интернет желісі жүргізіліп, медициналық бекеттер компьютер және принтерлермен қамтамасыз етiлдi.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
10 қыркүйек 2024 ж. 84 0