Аудандағы қызылша ауруының ахуалы қандай?
Өткен жылдың алғашқы 6 айында аудан көлемінде қызылша ауруы тіркелген жоқ. 2024 жылдың осы мерзімінде аудан тұрғындары арасында қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 182 жағдайы тіркеліп, оның 155 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде болды. Тіркелген 182 науқастан қан сынамалары алынып вирусологиялық зерттеумен қамтылды, нәтижесінде 75 науқаста қызылша ауру зертханалық жолмен нақтыланды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны-56, жасөспірім саны-1.
Жыл басынан бері ай сайын тіркелген қызылша ауруының деңгейіне талдау жасайтын болсақ, ауру деңгейінің біршама төмендегенін байқаймыз, яғни қаңтар айында 16 жағдай, ақпан айында 27 жағдай, наурыз айында -15 жағдай,сәуір айында-7 жағдай, мамыр айында-8 жағдай, маусым айында 2 жағдай тіркелген. Талдауға сүйенетін болсақ, жұқпаның көп тіркелуі ақпан айында (27 жағдай) байқалады, ең азы- маусым айының үлесінде (2 жағдай) . Балалар арасында да қызылша ауруының ең көбі ақпан айында (23) тіркелсе, ең азы маусым айында (2 жағдай) орын алған. Ауданда бүгінгі таңда қызылша ауруының тіркелуі төмендеп,эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағаланды.
Елді мекендер кесімінде жұқпаның басым бөлігі Арал қаласынан тіркелді (30 жағдай,оның ішінде 14 жасқа дейінгі науқас балалар саны-17),Жақсықылыш кентінен 4 жағдай ,Сексеуіл кентінен – 18 жағдай, Тоқабай е/м-1, Қамбаш е/м-1,Аманөткел-2,Бөген е/м-1,Бекбауыл 3, Аралқұм е/м -13, Шижаға -2 жағдай тіркелді.
Қызылшамен ауырған 75 науқастың ішінде 20 бала, яғни 26,6 пайызы қызылшаға қарсы егілгенболса, қалған 55 бала, яғни 73,3 пайызы қызылшаға қарсы егілмегендер. Оның ішінде ата-ана қарсылығымен 19 бала, әртүрлі ауруына байланысты медициналық кедергіге алынған 8 бала, жасы толмауына байланысты 19 бала егілмеген, 9 науқаста осы ауруға қарсыегілгендері туралы деректемелері болмаған.
Жұқпаның 25,3 пайызында қызылшаға қарсы екпеге жасы толмаған 1 жасқа дейінгі балалар ауырып отыр.
Жыл басынан беріқызылша ауруының алғашқы диагнозымен тіркелген 182 науқаспен үй ошағы, мектеп ,балабақша, колледж, жұмыс орны бойынша жақын байланыста болған 2957 адам жергілікті емханалардың медицина қызметкерлерімен медициналық бақылауға алынып,бұрын қызылшаға қарсы егілмеген немесе толы егілмеген,сондай-ақ егілгендері жөнінде толық мәліметтері жоқ 30 жасқа дейінгі 55 адамның 36-ынаауру шығуына байланысты қызылшаға қарсы егу шарасы жүргізілді. Қызылшаға қарсы екпе жұмысының жүйелі түрде жүргізілуіне байланысты қазіргі кезде балалар арасында осы жұқпаның едеуір азайғандығын байқаймыз.
2024 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ауданда 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды қызылшаға қарсы ай сайынғы жоспарға сәйкес егу 95 пайызға қамтылып отыр. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына байланысты республика бойынша 1 жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауру деңгейін азайту, осы жастағы балаларды қызылша ауруынан қорғау мақсатында қосымша жаппай иммундау жұмысының ұйымдастырылып жүргізілуі де балалар арасында қызылша ауруын азайтуға көп әсерін тигізуде, қазіргі таңда бұл шара одан әрі жалғасуда. Ауданымыз бойынша белгілі бір контингенттегі адамдарды қызылшаға қарсы егуге 7419 адам жоспарланса, бүгінгі таңда 7673 адам егілді, яғни 103,4 пайыз, оның ішінде 6 ай-11 ай аралығындағы балаларды қызылшаға қарсы егуге 1125 бала жоспарланған болатын, бүгінгі таңда 1113 бала егілді, яғни 98,9 пайыз, 2-5 жас аралығындағы жоспарланған 5250 баланың егілгені-5264, яғни 100,2 пайыз, 297 медицина қызметкерлері жоспарланып, 297 медицина қызметкері егілді, яғни 100 пайыз, қызылшаға қарсы толықтыра иммундауға 747 адам жоспарланып, 999адам егілді, яғни 133,7 пайызға орындалды.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Сурет: ашық дереккөз