Аудан көлемінде қызылша ауруынан қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуал
Өткен жылдың алғашқы 5 айында аудан көлемінде қызылша ауруы тіркелген жоқ. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары мен маусым айының 18-і жұлдызы аралығында аудан тұрғындары арасында қызылша ауруының тіркелу деңгейі біршама төмендеп, ауданда қызылшадан эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағаланды. Алғашқы 5 айда қызылша ауруының жалпы 181 жағдайы тіркеліп, оның 73-і лабораториялық жолмен зерттеліп, нақтыланды. Маусым айының 1-18-ші жұлдызы аралығында алғашқы диагнозбен 4 жағдайы тіркеліп, оның 1-і лабораториялық жолмен нақтыланды.
2024 жылдың 5 айында тіркелген 73 жағдайдың 29-ы Арал қаласынан болса, қалған 44 жағдай ауылдық жерлерден тіркелді. Қызылшамен ауырған 73 науқастың ішінде 20 бала, яғни 27,4 пайызы қызылшаға қарсы егілген болса, қалған 53 бала, яғни 72,6 пайызы қызылшаға қарсы егілмегендер. Оның ішінде ата-ана қарсылығымен 18 бала, әртүрлі ауруына байланысты медициналық кедергіге алынған 8 бала, жасы толмауына байланысты 18 бала егілмеген, 9 науқаста осы ауруға қарсы егілгендері туралы деректемелері болмаған.
Жұқпаның 24,6 пайызында қызылшаға қарсы екпеге жасы толмаған 1 жасқа дейінгі балалар ауырып отыр.
Жыл басынан бері қызылша ауруының алғашқы диагнозымен тіркелген 181 науқаспен үй ошағы, мектеп ,балабақша, колледж, жұмыс орны бойынша жақын байланыста болған 2947 адам жергілікті емханалар дәрігерлерімен медициналық бақылауға алынып, бұрын қызылшаға қарсы егілмеген немесе толы егілмеген, сондай-ақ егілгендері жөнінде толық мәліметтері жоқ 30 жасқа дейінгі 55 адамның 36-ына ауру шығуына байланысты қызылшаға қарсы егу шарасы жүргізілді.
Қызылша туралы не білеміз?
Қызылша-бұл вирус тудыратын, ауа тамшылары арқылы берілетін жедел жұқпалы ауру. Көптеген ғасырлар бойы өлім-жітімнің жоғары болуына байланысты қызылша балалар арасында ең қауіпті аурулардың бірі болып саналды. Егер бұрын қызылша балалар инфекциясы болса, бүгінде онымен ересектер де ауырып,инфекция барлық жастағы адамдарды да қамту .Қазіргі кезде ересектердің үлесіне жаңадан анықталған науқастардың 40% келеді. Соңғы онжылдықтарда әлемде қызылша ауруы осы инфекцияға қарсы вакцинацияның арқасында жүздеген есе төмендеді. Алайда, бұл тез таралатын инфекция барлық жерде тіркелуде.
Инфекция науқаспен байланыста болған кезде (сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде) бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100 % дерлік жұқтыруы мүмкін. Қызылшаның қоздырғышы-вирус өте құбылмалы: адам қызылшаны науқаспен тікелей байланыста болмай, онымен үйде болу арқылы жұқтыруға болады.
Арал аудандық Сэбб басшысы А.САТЕКЕЕВА
Сурет: www.gov.kz