Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелу деңгейі
Аудан көлемінде үстіміздегі жылдың наурыз айының 01-27 жұлдызы аралығында қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 24 жағдайы тіркеліп, оның 14 жағдайы лабораториялық жолмен нақтыланды. Науқастанушы 24 жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны-20, қалғандары ересектер. Өткен ақпан айының осы мерзімінде қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 42 жағдай тіркеліп, оның 27-і лабораториялық жолмен нақтыланды. Ақпан айының осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 18 жағдайға, яғни 1,8 есеге азайып, аудан тұрғындары арасында, оның ішінде балалар арасында қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланды.
Елді мекендер кесімінде: Арал қаласы -13/12, ауылдық жерлерден-11/8 жағдай тіркелді . Кәсіби құрамы бойынша : оқушылар саны -2, үй күтіміндегі бала саны- 18, бөбекжай -бақша тәрбиеленушісі -2, жұмысшы-1,жұмыссыз-1.
Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігін, яғни 75 пайызын үй күтіміндегі балалар құраса, оның ішінде 90 пайызда жасы толмауы себепті қызылшаға қарсы егілмеген балалар көптеп ауруда.
Ұйымдасқан балалар мекемелері бойынша қызылша ауруымен қайталап тіркелу жағдайлары болған жоқ.
Тіркелген науқастар ішінде 37,5 пайызында жасы толмауына байланысты қызылшаға қарсы егілмесе, 60 пайызда ата-ана қарсылығымен жасына сәйкес егілмеген, 4 пайызда қызылшаға қарсы егу шарасын алғандар.
Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелу деңгейі төмендегенмен, әлі де болса тұрғындар арасында тіркелу жағдайы болуда. Балалармен қоса, ересектер де ауруда. Осыған байланысты науқас адам немесе науқастанған баланың анасы бала бойында қызылша ауруының белгілері байқала бастаса дер кезінде дәрігерге көрініп, уақытылы емін алу керек . Сапалы және дұрыс тағайындалған ем науқасты қызылшадан болатын әртүрлі асқыну жағдайынан құтқара алады.
Жеке бас тазалық шараларының қарапайым ережелерін сақтау, үй-жайларды жиі желдету, науқастанған адамдармен қарым-қатынасты уақытша үзу, ауырған жағдайда оқшаулану, таза ауада жиі болу, ең бастысы, балаларды қызылшаға қарсы профилактикалық егу шарасының күн тізбесінде көрсетілген мерзімдеріне сәйкес уақытылы ектіру - қызылша ауруынан сақтанудың тиімді жолдары болып табылады.
Құрметті аудан тұрғындары, жоғарыда аталған ережелерді орындай отырып, өзіңізді және балаңызды қызылша ауруынан сақтай аласыз.
Арал аудандық Сэбб басшысы А. САТЕКЕЕВА
Фото: ашық дереккөз