Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелу деңгейі қандай?

Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелу деңгейі қандай?

Бүгінгі біздің сұхбатымыз Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақзия Қасымқызы Сатекеевамен «Арал ауданында қызылша ауруының тіркелу деңгейі мен алдын алу шаралары туралы» тақырыбында болмақ.

-Аудан тұрғындары арасында өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар -ақпан айлары мен наурыз айының 18-ші жұлдызы аралығында тіркелген қызылша ауруының көрсеткіші қандай деңгейде, осы туралы нақтырақ айтсаңыз?
-Қызылша ауруының тіркелу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеді, дегенмен де әлі де болса тұрғындар арасында, оның ішінде балалар арасында аурудың тіркелуі әлі тоқтаған жоқ. Күн сайын 2-3 ауру аралығында адамдар ауырып, тіркеуге алынып отыр. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді, яғни қаңтар айында қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 75 науқас тіркеліп, оның 16 жағдайы лабораториялық жолмен нақтыланса, ақпан айында 44 жағдайы тіркеліп, оның 27-і лабораториялық жолмен нақтыланып, тіркеуге алынды. Наурыз айының 1-18 жұлдызы аралығында аралығында алғашқы диагнозбен 37 жағдай тіркеліп, оның 12-і лабораториялық жолмен нақтыланды.
– Қызылша ауруымен науқастанушылар арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі қанша, негізінен қандай жастағы балалар ауруда, соған тоқталсаңыз?

-Биылғы жылдың наурыз айының 01-18-ші жұлдызы аралығында жалпы тіркелген қызылша ауруының 37 жағдайының 28-і , яғни 75,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Қалған 1 жағдай жасөспірім, 8 жағдай ересектердің үлесінде.
Тіркелген науқастардың кәсіби құрамына келетін болсақ, қызылша ауруының 29,7 пайызы ұйымдасқан балалар ұжымында балалар арасында тіркелсе, 45,9 пайызы үй күтіміндегі балалар арасында , 24,3 пайызы ересектер арасында тіркеліп отыр. Жастарына қарай талдайтын болсақ, ауырғандардың ішінде 1 жасқа дейінгі науқас балалар саны-14, 1-5 жас-12 бала, 6-14 жас-5 бала ,15-17 жас- 1, 18-44 жас-5 жағдай .
-Ұйымдасқан балалар мекемелерінде қызылша ауруының тіркелуі қандай дәрежеде?
-Жоғарыда атап өткендей, жалпы тіркелген қызылша ауруының 37 жағдайының 13-і ұйымдасқан балалар үлесінде, оның ішінде мектеп оқушылары-7, бөбекжай- бақша тәрбиеленушілері-4, жоғары және орта оқу орындарының студенттері-2 . Алдыңғы айлардағыдай емес, ауру көрсеткіші ұйымдасқан балалар ұжымында едәуір азайды.
– Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелу деңгейінің азайғандығын немен байланыстырасыз?
– Қызылша ауруының азаюының ең бірінші себебі- балаларға жастарына сәйкес қызылша ауруына қарсы екпенің уақытылы жүргізілуі . Бұрынғыдай емес ата-аналар қарсылығы азайып, өз балаларын қызылшаға қарсы егу айтарлықтай дәрежеде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына байланысты жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауру деңгейін азайту, осы жастағы балаларды қызылша ауруынан қорғау мақсатында республика бойынша қосымша жаппай иммундау жұмысының ұйымдастырылып жүргізілуі де балалар арасында қызылша ауруын азайтуға көп әсерін тигізуде. Қазіргі кезге дейін Арал ауданында қызылшаға қарсы қосымша егу жоспары бойынша 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды 1125 бала егілуге тиіс болса, бүгінгі таңда 1107 бала егілді, яғни 98,4 пайыз, 2-4 ж.11 ай 29 күн аралығындағы жоспарланған 5250 баланың егілгені-5250, яғни 100 пайыз, медицина қызметкерлері жоспар-297, орындалғаны-297, яғни 100 пайыз, толықтыра иммундау жоспар 747, егілгені-794, яғни 106,3 пайыз. Аудан бойынша қызылшаға қарсы жаппай егу жоспар бойынша 7419 адам, орындалғаны-7448, яғни-100,4 пайыз.

Сұхбатыңызға рахмет
Әңгімелескен О. ЖОЛДАСОВ
Фото: www.aikyn.kz
20 наурыз 2024 ж. 373 0