Аудан тұрғындары арасында қызылша ауруының ахуалы
Аудан көлемінде үстіміздегі жылдың ақпан айында қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 42 жағдай тіркеліп, оның 35 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. 42 жағдайдың ішінде лабораториялық жолмен нақтыланғаны-27 жағдай. Өткен қаңтар айындақызылша ауруының алғашқы диагнозымен 74 жағдай тіркеліп, оның 16-ы лабораториялық жолмен нақтыланды.Қаңтар айымен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 32 жағдайға,яғни 1,7 есеге азайып, аудан тұрғындары арасында, оның ішінде балалар арасында қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланды.
Елді мекендер кесімінде: Арал қаласы -18/14, ауылдық жерлерден-24/21 жағдай тіркелді . Кәсіби құрамы бойынша : оқушылар саны -8, үй күтіміндегі бала саны- 19, бөбекжай -бақша тәрбиеленушісі -7, жұмысшы-4,жұмыссыз-4.
Мәліметке сәйкес қызылшамен ауырғандардың 45,2 пайызын үй күтіміндегі балалар, оның ішінде басым бөлігі 1 жасқа толмаған балалар құрап отыр.
Оқу орны бойынша аудандағы 1 мектепте қызылша ауруының қайталап тіркелу жағдайы орын алды, яғни 2 жағдаймен бір сынып оқушылары арасында тіркелді. Бөбекжай-балабақша бойынша бір балабақшада 2 жағдайдан тіркелу жағдайы орын алса, 2 жағдайдан 2 мектепте, 4 жағдайдан 1 мектепте қызылша ауруының тіркелуі болды.
Тіркелген науқастар ішінде 60 пайызда жасы толмауына байланысты қызылшаға қарсы егілмесе, 32 пайызда ата-ана қарсылығымен жасына сәйкес егілмеген, 8 пайызда қызылшаға қарсы егу шарасын алғандар.
Қызылша -ауру қоздырғышы вирус боп табылатын ауа арқылы таралатын өте жұқпалы, ауыр түрде өтетін сырқат. Қызылша әлем бойынша ерте жастағы балалардың өліміне әкеп соқтыратын негізгі себептің бірі болып қалуда. Қызылшамен көп жағдайда бұрын ауырмаған және егілмеген адам,иммунитеті әлсіз адам бірінші кезекте ауырады.
Қызылша ауруын уақытылы, дер кезінде емдемесе, әртүрлі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін, соның ішінде көбінесе тыныс алу жүйесі зардап шегеді: ларингит, ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), іріңді инфекцияның қабаттасуы,тіпті өкпенің қабынуы болады, ең ауыр асқынуларға-жүйке жүйесінің асқынуы (энцефалит,менингит) жатады.
Құрметті аудан тұрғындары, балаңызда немесе өзіңізде қызылша ауруының белгілерін байқасаңыз, уақытты оздырмай, өз бетіңізбен емделмей, дәрігерге көрініп, қажетті емді дұрыс алсаңыз - қызылшадан құлан-таза айығып шығудың бірден бір жолы. Сонымен қатар ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздеп, осы аурудан сақтанудың басты жолы- екпе жасату екенін есте сақтап, балаларыңызды 1 жасында және 6 жасында жоспарлы түрде, 6 ай-11 ай аралығында, 2 жас пен 5 жас аралығында қызылшаға қарсы қосымша ектіруді ұмытпаңыз.
А. САТЕККЕВА,Арал аудандық Сэбб басшысы