Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы қызылша ауруының соңғы аптадағы ахуалы

Аудандағы қызылша ауруының соңғы аптадағы ахуалы

Аудан көлемінде ақпан айының 06-13 жұлдызы аралығында   алғашқы диагнозбен  қызылша ауруының 27 жағдайы тіркеліп, оның 19 жағдайы  14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.  Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 12 жағдайға , яғни 2,2 есеге өсіп, аудан тұрғындары арасында, оның ішінде балалар арасында қызылша ауруынан  эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз жағдайда қалыптасты.
Елді мекендер бойынша: Арал қаласы -7/2, ауылдық жерлерден-20/17 жағдай тіркелді .
Кәсіби құрамы бойынша :  оқушылар саны -5,   үй күтіміндегі бала саны- 14, ересектер саны-8.
Қазіргі кезде қызылша ауруымен балалармен қоса ересектердің ауруы көңіл алаңдатарлық жағдай. Көп жағдайда әлсіз,  әртүрлі аурулармен жиі ауыратын, иммунитеті төмен адамдар ауырып отыр, осы адамдарда ауру белгілері өте ауыр өтетіндіктен, көп ретте қызылшаның асқыну жағдайымен  дәрігерлік көмекке жүгініп, ауруханалық жағдайда  емделуде.
Аудан бойынша тіркелген  қызылша ауруының 5-і, яғни 18,5 пайызы мектеп оқушылары арасында тіркелсе, 14-і, яғни 54,8 пайызы үй күтіміндегі балалар арасында тіркелді.
Оқу орны бойынша  аудандағы 4  мектепте  қызылша ауруының 5 жағдайы тіркелді, оның ішінде  1 жағдаймен 3 мектепте балалар ауырса, 2 жағдаймен 1 мектепте оқушылар ауырды. Бөбекжай-бақшаларда, балабақшаларда тіркелген жоқ.  
      Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелуіне байланысты аурудың көзін және таралу жолын анықтау мақсатында  науқас ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде.  Ауру тіркелген  мектептер мен бөбекжай-бақшаларда , ересектердің жұмыс орындары бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, аурухана, емхана және ұйымдасқан  балалар ұжымдары мен мекеме басшыларына  індетке қарсы іс-шаралар қаулылары беріліп, олардың орындалуы қадағалануда. Аурудың тіркелуіне байланысты науқастармен қарым-қатынаста болған 30 жасқа дейінгі адамдардың медициналық құжаттарына ревизия жасай отырып, қызылшаға қарсы егілмеген немесе  толық егілмеген, егілуі туралы деректеме құжаттары жоқ адамдарға қызылшаға қарсы егу жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына байланысты жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауру деңгейін азайту, осы жастағы  балаларды қызылша ауруынан қорғау мақсатында Арал
ауданы бойынша бүгінгі таңда қызылшаға қарсы егу жоспары бойынша 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды 1125 бала егілуге тиіс болса, бүгінгі таңда 1107 бала егілді, яғни  98,4 пайыз, 2-4 ж.11 ай 29 күн аралығындағы жоспарланған 5250 баланың егілгені-5248, яғни 100 пайыз, медицина қызметкерлері жоспар-297, орындалғаны-297, яғни 100 пайыз, толықтыра иммундау жоспар 747, егілгені-791,
яғни  105,9 пайыз.  Аудан бойынша қызылшаға қарсы жаппай егу жоспар бойынша 7419 адам, орындалғаны-7443, яғни-100,3 пайыз.
     Құрметті аудан тұрғындары, қызылшаға қарсы  егілмеген балаларыңызды  ектіріп, қызылша ауруынан қорғаңыздар!
Арал аудандық Сэбб басшысы А. САТЕКЕЕВА

Фото: egemen.kz
15 ақпан 2024 ж. 338 0