Аудандағы қызылша ауруының ахуалы қандай?
Өздеріңізге мәлім, ауданда қызылша ауруы белең алды. Ауа арқылы жұғатын дерт балалар арасында өршіп тұр. Соған сәйкес қызылша дертінің қауіптілігі неде екенін білу мақсатында Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Сатекеева Ақзия Қасымқызымен Арал ауданында қызылша ауруынан қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуалға байланысты сұхбаттасқан едік.
– Қазірде жұртшылықты алаңдатып отырған мәселе қызылша ауруының ауданда балалар арасында көбеюі болып отыр. Соған сәйкес аудан тұрғындары арасында қаңтар айынан бастап қызылша ауруының тіркелуі қандай деңгейде ?
– Арал ауданы тұрғындары арасында, оның ішінде балалар арасында үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Қаңтар айында алғашқы диагнозбен қызылша ауруының 95 жағдайы тіркеліп, оның 83 жағдайы 14 жасқа дейінгі балаларды құраса, ақпан айының 1-6 жұлдызы аралығында қызылшаның алғашқы диагнозымен 16 жағдайы тіркеліп, оның 13 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Ауырғандардың ішінде жасөспірімдер саны-2, ересектер саны-12.
Облыстық вирусологиялық лабораторияда имунноферменттік зерттеу жолымен диагноздары нақтыланған науқастар саны-16, оның ішінде 14 жасқа дейінгі науқас балалар саны – 14, ересектер – 2.
Ауырып тіркелгендердің 29-ы, яғни 34,9 пайызы қызылшаға қарсы егу алмаған тұрғындар, оның ішінде 9 -ында, яғни 10,8 пайызы ата-ана қарсылығымен егілмегендер, 20 жағдайда, яғни 24,1 пайызы жасы толмағаннан екпе алмағандар, 12 бала, яғни 14,5 пайызы әртүрлі медициналық шегіністе болғандар, 8 науқас, яғни 15,2 пайызы егілу құжаты табылмағандар. Аудан бойынша тіркелген қызылша ауруының 22,1 пайызы ұйымдасқан балалар ұжымында балалар арасында тіркелсе, 72,6 пайызы үй күтіміндегі балалар арасында тіркеліп отыр.
– Қызылша ауруымен балалармен қоса ересектер де ауыруда,бұл жөнінде не айтасыз?
-Қазіргі кезде қызылша ауруының қоздырғышының ауа арқылы тез таралуының, науқас адамнан сау адамға тез жұғуының әсерінен балалар ғана емес, ересектердің де тіркелу көрсеткіші артып келеді. Қызылшамен көп жағдайда әлсіз, әртүрлі аурулармен жиі ауыратын, иммунитеті төмен адамдар ауырып отыр. Осындай адамдарда ауру белгілері өте ауыр өтетіндіктен, көп ретте қызылшаның асқыну жағдайымен дәрігерлік көмекке жүгініп, ауруханалық жағдайда емделуде.
– Тіркелген қызылша ауруының оқушылар мен балабақша балаларының арасында тіркелуін немен байланыстырасыз?
-Қызылша ауруы, жалпы балалар инфекциясы болып табылады. Ұйымдасқан балалар мекемелерінде аурудың тіркелу себебі – мектеп немесе балабақша баласы ауруды үйінде ауырған баладан жұқтырып келеді де, өзінің ауырғанын көп жағдайда білмей , аурудың жұғу кезеңінде өзімен байланыста болған жан-жағындағы балаларға жұқтырады. Жыл басынан бері аудан бойынша тіркелген жұқпаның 86,5 пайызын балалар құрайды, оның ішінде оқушылар саны-18, балабақша тәрбиеленушілері-12, үй күтіміндегі балалар-73
Оқу орны бойынша аудандағы 9 мектепте қызылша ауруының 17 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 жағдаймен 6 мектепте балалар ауырса, 2 жағдаймен 1 мектепте, 3 жағдаймен 1 мектепте, 6 жағдаймен 1 мектепте оқушылар ауырды. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелерінің 9-ында қызылша ауруының 11 жағдайы тіркелсе, оның ішінде 7 бөбекжай-бақша, балабақшаларда 1 жағдайдан , 2 балабақшада 2 жағдайдан тіркеліп отыр.
Індеттің алдын алу шаралары бойынша қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар ?
- Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелуіне байланысты аурудың көзін және таралу жолын анықтау мақсатында науқастардан және күтушілерден эпидемиологиялық анамнез жиналып, ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Ауру тіркелген мектептер мен бөбекжай-бақшаларда , ересектердің жұмыс орындары бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, аурухана, емхана және ұйымдасқан балалар ұжымдары мен мекеме басшыларына індетке қарсы іс-шаралар қаулылары беріліп, олардың орындалуы қадағалануда. Эпидемиологиялық көрсеткішке сәйкес, науқастармен жақын байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдардың медициналық құжаттарына ревизия жасай отырып, қызылшаға қарсы егілмеген немесе толық егілмеген, егілуі туралы деректеме құжаттары жоқ адамдарға қызылшаға қарсы егу жүргізілуде. Бұған қоса Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына байланысты жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауру деңгейін азайту, осы жастағы балаларды қызылша ауруынан қорғау мақсатында республика бойынша қосымша жаппай иммундау жұмысы ұйымдастырылып жүргізілуде. Арал ауданында осы жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу жоспары бойынша 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды 1125 бала егілуге тиіс болса,, бүгінгі таңда 1107 бала егілді, яғни 98,4 пайыз, 2-4 ж.11 ай 29 күн аралығындағы жоспарланған 5250 баланың егілгені-5248, яғни 100 пайыз, медицина қызметкерлері жоспар-297, орындалғаны-297, яғни 100 пайыз, толықтыра иммундау жоспар 747, егілгені-791, яғни 105,9 пайыз. Аудан бойынша қызылшаға қарсы жаппай егу жоспар бойынша 7419 адам, орындалғаны-7443, яғни-100,3 пайыз.
Екпе тегін жүргізіледі, екпе алған балада қызылшаға қарсы иммунитет қалыптасып, 90-95 пайызда ауырмауы мүмкін немесе ауырған жағдайда асқынусыз жеңіл өтуі мүмкін, сондықтан әрбір ата -ана қызылшаға қарсы егілмеген баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қызылшаға қарсы екпе алуға кеңес береміз.
Сұхбатыңызға рахмет. - Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелуіне байланысты аурудың көзін және таралу жолын анықтау мақсатында науқастардан және күтушілерден эпидемиологиялық анамнез жиналып, ауру ошақтарында індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Ауру тіркелген мектептер мен бөбекжай-бақшаларда , ересектердің жұмыс орындары бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, аурухана, емхана және ұйымдасқан балалар ұжымдары мен мекеме басшыларына індетке қарсы іс-шаралар қаулылары беріліп, олардың орындалуы қадағалануда. Эпидемиологиялық көрсеткішке сәйкес, науқастармен жақын байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдардың медициналық құжаттарына ревизия жасай отырып, қызылшаға қарсы егілмеген немесе толық егілмеген, егілуі туралы деректеме құжаттары жоқ адамдарға қызылшаға қарсы егу жүргізілуде. Бұған қоса Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына байланысты жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауру деңгейін азайту, осы жастағы балаларды қызылша ауруынан қорғау мақсатында республика бойынша қосымша жаппай иммундау жұмысы ұйымдастырылып жүргізілуде. Арал ауданында осы жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу жоспары бойынша 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды 1125 бала егілуге тиіс болса,, бүгінгі таңда 1107 бала егілді, яғни 98,4 пайыз, 2-4 ж.11 ай 29 күн аралығындағы жоспарланған 5250 баланың егілгені-5248, яғни 100 пайыз, медицина қызметкерлері жоспар-297, орындалғаны-297, яғни 100 пайыз, толықтыра иммундау жоспар 747, егілгені-791, яғни 105,9 пайыз. Аудан бойынша қызылшаға қарсы жаппай егу жоспар бойынша 7419 адам, орындалғаны-7443, яғни-100,3 пайыз.
Екпе тегін жүргізіледі, екпе алған балада қызылшаға қарсы иммунитет қалыптасып, 90-95 пайызда ауырмауы мүмкін немесе ауырған жағдайда асқынусыз жеңіл өтуі мүмкін, сондықтан әрбір ата -ана қызылшаға қарсы егілмеген баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қызылшаға қарсы екпе алуға кеңес береміз.
Сұхбаттасқан К. ЗДЕНОВА