Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы қызылша ауруының ахуалы қандай?

Аудандағы қызылша ауруының ахуалы қандай?

Аудан көлемінде үстіміздегі жылдың наурыз айында қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 26 жағдайы тіркеліп, оның 15 жағдайы лабораториялық жолмен нақтыланды. Науқастанушы 24 жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны-20, қалғандары ересектер. Өткен ақпан айында қызылша ауруының алғашқы диагнозымен 42 жағдай тіркеліп, оның 27-і лабораториялық жолмен нақтыланды. Ақпан айының осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 16 жағдайға, яғни 1,8 есеге азайып, аудан тұрғындары арасында, оның ішінде балалар арасында қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланды.
Елді мекендер кесімінде: Арал қаласы -15/14, ауылдық жерлерден-11/10 жағдай тіркелді . Кәсіби құрамы бойынша : оқушылар саны -2, үй күтіміндегі бала саны- 19, бөбекжай -бақша тәрбиеленушісі -2, жұмысшы-1,жұмыссыз-1.
Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігін, яғни 79,2 пайызын үй күтіміндегі балалар құраса, оның ішінде 38,5 пайызда жасы толмауы себепті қызылшаға қарсы егілмеген балалар көптеп ауруда.
Ұйымдасқан балалар мекемелері бойынша қызылша ауруымен қайталап тіркелу жағдайлары болған жоқ.
Тіркелген науқастар ішінде 38,5 пайызында жасы толмауына байланысты қызылшаға қарсы егілмесе, 15,4 пайызда ата-ана қарсылығымен жасына сәйкес егілмеген, әртүрлі медициналық кедергіге байланысты 19,2 пайызда қызылшаға қарсы егу шарасын алмаса. Қызылшамен ауырғандардың 27 пайызын қызылшаға қарсы егу шарасын уақытылы алмағандар құрып отыр, оның ішінде негізінен иммунитеті төмен, әртүрлі ауруларға қарсы күресу қабілеті төмендеген балалар ауыруда.
Аудан көлемінде қызылша ауруының тіркелу деңгейі едеуір төмендеді, дегенмен де аурудың күніне 1-2 жағдайы тіркелуде. Осыған сәйкес ауруға қарсы іс-шаралар тоқтаған жоқ, ары қарай жалғасуда.
Қызылша ауруынан қорғанудың бірден-бір жолы -осы ауруға қарсы екпе жұмысын жүргізу керек болса, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01 қараша 2023 ж. №7 қаулысына байланысты республика бойынша қосымша жаппай иммундау жұмысы одан әрі жалғасуда. Арал ауданындағы белгілі бір контингенттегі адамдарды қызылшаға қарсы егу жоспары бойынша 7419 адам қызылшаға қарсы егілу керек болса, бүгінгі таңда 7470 адам егілді, яғни 100,6 пайыз, оның ішінде 6 ай-10 ай 29 күн аралығындағы балаларды қызылшаға қарсы егуге 1125 бала жоспарланған болатын, бүгінгі таңда 1107 бала егілді, яғни 98,4 пайыз, 2-4 ж.11 ай 29 күн аралығындағы жоспарланған 5250 баланың егілгені-5258,яғни 100,2пайыз, медицина қызметкерлері жоспар-297, орындалғаны-297, яғни 100 пайыз, толықтыра иммундау жоспар 747, егілгені-808, яғни 108,2 пайыз.
Құрметті аудан тұрғындары , қызылшаның негізгі алдын алуда екпе жұмысының маңыздылығын ескере отырып, екпе жасау арқылы балаңызды осы инфекциядан қорғай алатыныңызды естеріңізге саламыз !
А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
Фото ашық дереккөз
04 сәуір 2024 ж. 231 0