Өңірлік сауда саласында өсім бар

Облыс аумағында жалпы алаңы 205,1 мың ш.м. құрайтын 5 600 сауда орны бар 30 базар тіркелген. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халқының саны жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында әмбебап сауда базарлары стационарлық сауда объектілер қатарына көшірілуі тиіс.
Осы орайда, қаладағы жаңғыртылуы тиіс «Сыбаға», «Сұлтан» және «Асбол» сауда базарлары аумағынан салынатын жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа сауда үйлерінің экскиздік жобалары әзірленді. Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары 2024 жылы толығымен аяқталып, іске қосу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы жалпы құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын30 жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылды.
Облыс аумағында тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған POS-терминалдар саны жыл сайын артып келеді. Биыл шілде айында POS-терминалдар саны 17 436 бірлікке жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе өсім қалыптасты.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста электронды сауда айналымы 1,5 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдан 4 есе өсім қалыптасты.