Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТТЫ

АРАЛДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТТЫ

Жыл басынан бері, аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4113 бірлікті құрап, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3693-ке жетті.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 52 жобаға 159,7 млн. теңге бөлінсе, өңірлік инвестициялық орталық арқылы жалпы құны 157,5 млн. теңге болатын 37 жоба қаржыландырылды.
«Агробизнес» бағдарламасы арқылы мал санын арттыруға бағытталған жалпы құны 255,3 млн. теңге болатын 42 жоба қаржыландырылды.
Жалпы қаржы институттары арқылы 686,5 млн. теңгенің 142 жобасы қаржыландырылса, оның 50 пайызы, яғни 71 жобасы кент және ауылдық округтердің үлесіне тиесілі.
Аудан аумағынан өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі бойынан 3 жол бойы сервистік нысандары қызмет көрсетіп келсе, бұған қосымша жеке кәсіпкер Г. Жұмағазиеваның (нысанның І қабаты іске қосылған) және жеке кәсіпкер Т. Абибуллаевтың «С» санатты сервистік нысандары 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, аталған автокөлік дәлізі бойынан жеке кәсіпкер Т. Жалғасбековтың бастамасымен «С» және «Д» санатындағы жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жыл ішінде аудандағы бөлшек сауданың көлемі 7,1  млрд. теңгеге, көтерме сауда бойынша 13,1 млрд теңгеге жетті.
Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов ауданда жұмыс сапарымен болып:
- Арал қаласынан «Қуаныш» медициналық орталығын;
- Сексеуіл кентінен «Алтын» сауда үйінің;
- Қаратерең ауылынан «Жалғасбай» ЖШС-нің «Балық қабылдау және тоңазыту цехының» ашылу салтанатына қатысты. Бұл нысандарда барлығы 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Бұдан бөлек, сауда-саттық саласында ауданда «SULPAK» гипермаркеті мен «Сайда 2 Жайлы» сауда үйі ашылып, пайдалануға берілді.
Аудан бойынша жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жалпы құны – 1,2 млрд. теңге болатын   19 нысан пайдалануға берілді.
       
13 ақпан 2020 ж. 876 0