Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал: кәсіпкерліктің дамуы қай деңгейде?

Арал: кәсіпкерліктің дамуы қай деңгейде?

      Қызылорда облысында 2018-2020 жылдар «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланған болатын. Сонымен екінші жылдың еншісінде қандай істер еңсерілуде? Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жетекші маманы Е.Тасқынбаев айтып берді.
      – Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жыл басынан бері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 243 адам оқу курстарын аяқтап, сертификаттарын алды. Ал жыл соңына дейін 227 жұмыссыз азаматты 2 топқа бөліп оқыту көзделуде. Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жастарға арналған гранттық қаржыландыру мақсатында 2 лекте 115 азамат оқу курсын аяқтады. Сондай-ақ жыл басынан бері қаржы институттары бойын­ша 122 жоба қаржыландырылып, жалпы құны 159,8 миллион теңге болатын 23 жоба мақұлданды. Бұл жобалардың басым бөлігі мал және балық шаруашылығы, пластикалық терезе және жиһаз жасау, тігін цехын ашу және айналым қаражатын толықтыру секілді істерді қамтыды. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 52 жоба қаржыландырылып, мал шаруашылығы бағытындағы 17 жоба мақұлданды. Ал «Қызылорда өңір­лік инвестициялық орта­лығы» арқылы 41 жоба толық  қаржыландырылып, құны 3 миллион теңге болатын 1 жобаның құжаттары дайын­далуда. Сонымен қатар «Агробизнес» бағ­дар­ламасы арқылы 21 жоба қаржыландырылып, бүгінде мал шаруашылығы бағытындағы 4 жоба мақұлданды. «Биз­нес­тің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 9 жоба қаржыландырылды, ал айналым қаражатын толықтыру мақса­тындағы 1 жоба дайындық үстінде,  – дейді маман.
25 қазан 2019 ж. 1 023 0