Қазақстан -Олимпиада жүлдегерлерін көтермелеу тәжірибесі бар санаулы елдердің бірі

«Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы Қазақстан құрамаларының жоғары жетістіктері елдің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. Бұл ретте Қазақстан биология бойынша Халықаралық Олимпиаданың ең беделді олимпиадаларының бірін өткізу үшін таңдалғаны кездейсоқ емес. 2024жылы біздің еліміз 35-ші Халықаралық биологиялық Олимпиаданы қабылдады. Оған 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, 100% нәтижеге қол жеткізді»,-деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында.