SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылуда

«Бұдан бөлек, DARYN ALUMNI қазақстандық жаттықтырушылар пулын дамыту жалғасады, бұл ерекше қабілеттерін көрсететін балалармен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарды тартуды қамтамасыз етеді. Бұл бағытта халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген мектептердің табысты тәжірибесін таратуға көмектесетін қауымдастықтар құрылуда. 2025 жылдың басында 15 елден 700-ден астам баланың қатысуымен Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді», - деп толықтырды спикер.
Фото: ortcom.kz