Шекара шебіндегі абырой мен адалдық

- Әскери қызмет – тек ер азаматтарға ғана тән мамандық емес. Бүгінде ел шебін күзетіп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аруларымыз да ерлермен қатар қызмет атқаруда. Біз өз міндетімізді атқара отырып, әр азаматқа құрметпен қарап, заңдылық пен әділдікті сақтауға бар күш-жігерімізді саламыз. Шекара қызметінде жұмыс істеу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Күн сайын біз мемлекетіміздің шекарасының тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеміз. Әйел бола тұра, әскери салада қызмет ету – төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Біз нәзік жанды болғанымызбен, әрқашан қызметімізге адалдық танытып, ел алдындағы борышымызды абыроймен орындауға тырысамыз. Біздің бойымыздағы жауапкершілік, табандылық, ұқыптылық пен әділеттілік бұл қызметте ерекше маңызға ие. Қиындығы мен жауапкершілігі мол бұл қызметте нәзік жандылардың орны ерекше. Біз тек ел шебін күзетіп қана қоймай, қоғамға, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетеміз,-деді, Гүлназ Аймағамбетқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі