Біріккен Ұлттар Ұйымына 80 жыл

Іс-шараға дипломатиялық корпустың өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, ғылыми орта өкілдері және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері қатысты.
Өз сөзінде Ж.Әбдрашов қатысушыларды Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толуымен құттықтады. Биыл бұл дата БҰҰ-ның 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Ұйымның халықаралық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастығы аясында күрделі жаһандық сын-қатерлерді шешудегі жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның осы жылдар ішінде жүзеге асырған сыртқы саяси бастамаларына назар аударды.
Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтті.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: egemen.kz