«Фемида – 2025» сайысы болып өтті

Мақсат – білім алушылардың құқықтың білімін тереңдету, олардың ығармашылық ойлауы мен өз ойын жеткізу дағдыларын дамыту және сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды: І-кезең. «Сәлем сөздің анасы» (сәлемдесу). ІІ-кезең. «Менің мамандағым - менің мақтанышым» тақырыбында бейне-ролик сайысы. ІІІ-кезең. «Би болсаң даналық керек. Даналық үшін саналық керек...» қазақ билеріне байланысты рөлді сомдайды. IV-кезең. «Тікелей сұрақ» Бұл сайыста Фемидалар 10 сұраққа жауап береді.
Сайысқа Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова, Antikorruption Qyzylorda Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - офицері Әлібек Жаппасбаев, Alibek Zhappasbaev қазылық етті.