Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Сырдария арқылы 3,7 млрд текше метр су келеді

Биыл Сырдария арқылы 3,7 млрд текше метр су келеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған көлемдегі су – суару кезеңінде алынады.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Самарқандта Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті.

Ал, «Достық» мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

«Суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда, оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды. Жазғы суару кезеңіне дайындық шеңберінде біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасынан жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Былтыр суды тиімді бөлу, су үнемдеу технологияларын енгізу және көрші елдермен уақтылы келіссөз жүргізу арқылы біз шаруа қожалықтарының суармалы суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алдық. Биыл да осыған қол жеткізуге ниеттіміз», деді министр Н.Нұржігітов.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
07 сәуір 2025 ж. 84 0