Ақ күріштің атасы

Күріш атасы Ыбырай 1964 жылы 5 наурызда баспасөз бетінде «Жас ұрпаққа сәлем хат» үндеуін жолдады. Содан Сыр бойында «Жақаевшылар қозғалысы» кең етек алды. Олардың сапында Социалистік Еңбек Ерлері Амангелді Ахметов, Арапбек Әбиев, Сәлима Жұмабекова, Балдырған Мұстапаева секілді ізбасарлар шықты.
Міне, одан бері де қанша уақыт өтсе де, тағылымды істер мен еңбек жемісі тарих бетінде сақталды. Дала академигін дәріптеу бір мезет ұмыт қалған емес. Қызылорда қаласындағы орталық алаң жанында «Еңбек аллеясы» бар: Қақ төрде Ыбырай Жақаевтың мүсіні тұр. Нағыз еңбектің адамын дәріптеген еңселі ескерткіштен мол тәлім алуға болады. Күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған қазақтың қара нар диқан бейнесінен бейнеттен зейнет табатын ұлағатты ұғым ұшқындайды. Оның: «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген қанатты сөзі қастерлі қағидаға айналған.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі