Қаламды қару еткен шығармашылық өкілдерінің басын қосқан Қазақстан Жазушылар одағының қатары биыл тағы да толықты. Поэзия мен прозанының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қаламгерлердің еңбегі кітап боп қатталып, патша көңілді оқырманның оясынан шығып жатқаны баршаға мәлім. Бұл ретте баспадан жарық көрген жинақтары оқырманның бағалы олжасына айналған жерлестеріміз де бар.Солардың қатарынан қаламы жүйрік, ойы ұшқыр аралдықтар Еркін Әбілов, Жұмабай Жақып, Ерғали Абдулланы ерекшелеп айтуға болады. Теңіздей толғанып, қаламды қолға алған аға буын өкілдері Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданып отыр. Бұл жағалау жұрты үшін үлкен мақтаныш. Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иегері Қаршыға Есімсейітованың қолынан одақтың куәлігін алған жерлестерімізді құттықтаймыз! «Толқын» ақпарат