Құттықтаймыз!

Енді міне сонау Тараз шаһарынан жеткен жағымды жаңалықты естіп, бір марқайдық. Нақтырақ тоқталсақ, таяуда ғана Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, көрнекті ақын Қасымхан Бекманов арнайы куәлік пен төсбелгіні өз қолымен табыстапты. Өткен жылы 70 жастың желкенін керіп, «Қателіктің құны», «Өмір көшінде», «Өңшең мыжу», «Тамшы тас теседі» деген жаңа кітаптарды оқырман олжасына айналдырған әріптес ағамыздың қуанышы – біздің де қуанышымыз. Әрдайым, әр жазбасы оң бағаланған Шымкентбай Өмірзақұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын болсын!
«Толқын» газетінің ұжымы