ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағынының "Алтын медалінің" иегері, жазушы, публицист Шымкентбай Жылмағанбетов Түркі әлемі Жазушылар одағына мүшелігіне қабылданды.Біз тоқсан бес жылға жуық тарихы бар, уақытпен үндескен "Толқын" газеті редакциясында сегіз жылдан астам бас редактор болып қызмет атқарған қадірлі жанға әркез тілекшіміз. Жетпіс жатсың желкенін керіп, ақпарат айдынында қолтаңбасын қалдырған Шымкентбай Өмірзақұлының "Қателіктің құны", "Өмір көшінде", "Өңшең мыжу", "Тамшы тас теседі" деген тың туындылары жарыққа шыққанын көпшілік оқырман жақсы біледі. Өзі зейнетке шықса да қаламы зейнетке шықпаған ағамызға қай кезде де зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
"Толқын" газеті ұжымы