Құттықтаймыз!
Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағынының "Алтын медалінің" иегері, жазушы, публицист Шымкентбай Жылмағанбетов Түркі әлемі Жазушылар одағына мүшелігіне қабылданды.
Тоқсан бес жылға жуық тарихы бар, уақытпен үндескен "Толқын" газеті редакциясында сегіз жылдан астам бас редактор болып қызмет атқарған қадірлі жанға әркез тілекшіміз. Ақпарат айдынында қолтаңбасын қалдырған Шымкентбай Өмірзақұлының "Қателіктің құны", "Өмір көшінде", "Өңшең мыжу", "Тамшы тас теседі" деген жаңа кітаптары жарыққа шыққанын көпшілік оқырман жақсы біледі. Әріптес ағамызға қай кезде де зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
"Толқын" газеті ұжымы