«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» КЛУБЫ: ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ

- Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 201 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 225 еріктілер жұмылдырылды. Онлайн режимде облыстың 31 548 оқушысына жалпы «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбы бойынша интерактивтік сабақтар өткізілді.Сондай-ақ,мектеп оқушыларының ата-аналарына «WhatsApp» желісіндегі топтар арқылы балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша бейнероликтер мен жадынамалар жариялануда. “Жас құтқарушы” клубы туралы айта кетсем. Департаментпен және облыстық Білім басқармасының арасында 2025 жылғы оқу жылына арналған «Жас құтқарушы» клубының жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Атап айтар болсақ 2024-25 жылдары облыс бойынша 187 «Жас құтқарушы» үйірмесі құрылып 1753 бала қатысты. Сәуір айында «Жас құтқарушы» клубтарының арасында Қызылорда қаласы және аудандарда слеттер өткізілді. 16 мамыр облыстық деңгейде іріктелген командалар арасында сайыс өтеді. Содан үздік шыққан команда Көкшетау қаласында өтетін негізгі сайысқа жолдама алады,- деді Ғафур Әлиұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі